Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 7 мыңнан астам адам жазаланды

12 Маусым 2023, 11:41
682
Бөлісу:
Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 7 мыңнан астам адам жазаланды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Биыл жыл басынан бері жеті мыңнан астам мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді.

Биыл жыл басынан бері 128 мыңға жуық жаяу жүргінші, 7 мыңнан астам мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 мыңнан астам адам басқару құқығынан айырылды. 8 мыңға жуық адам қамауға алынды. Бірақ бұл статистика жолда жүру қағидаларын бұзушылықтарының жолын кесу қоғамның толыққанды қатысуын талап ететінін көрсетеді, - деп атап өтті аға инспектор.

Айтуынша, алдын алу шаралары отбасында, мектепте, ұжымдарда басталуы керек.

Қоғамда жолдағы дөрекілікке, немқұрайлық пен бассыздыққа, алкогольмен немесе одан да сорақысы, есірткіге масаю күйінде көлік жүргізуден қатаң түрде бас тарту керек. Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау-бұл қазақстандық қоғам ұмтылуға және соған сәйкес болуға тиіс нормалар. Жолда жол жүрісіне әрбір қатысушысы өзінің және басқалардың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін есте ұстаған жөн. Жолдағы қауіпсіздік әрқашан мәдени мінез-құлқыңызға байланысты, - деді Ақтоты Боранова.

Өзгелердің жаңалығы