Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.
Жыл басынан бері полиция 800-ден астам мал ұрлығын, оның ішінде 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды. Мәселен, Павлодар облысында құрамында 15 адам бар қылмыстық топ анықталып, 18 мал ұрлығының жасалғаны дәлелденді. Қаскүнемдер аптасына бір рет шаруа қожалығынан 1-2 бастан ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері Екібастұз базарларында ет сатқан, - деді Нұрділдә Ораз.Ол атағандай, Ақмола облысында жайылымдарда жүрген малды атып, Нұр-Сұлтан қаласының базарларында ет сатқан топ ұсталды.
Жалпы қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 38,5%-ға төмендеді. Егер 2016 жылы осындай 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы 2 мыңнан аспайды. Осыған ұқсас үрдіс биыл да сақталып отыр, онда мал ұрлығының саны 18%-ға азайды, - деді ол.Нұрділдә Ораз малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін ІІМ мал иелеріне қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынатынын айтты.
Атап айтқанда:
- малды қараусыз қалдырмау, меншік иесі, әкімдік және бақташы арасында үшжақты шарт жасасу.
-GPS-трекерлерді орната отырып, асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолдану.
- малды таңбалау және бирка салу міндетті болып табылады, бұл оны іздеуге, сондай-ақ мал иелерінің дауларын шешуге көмектеседі.