Жыл басынан бері елімізге 8 млн-ға жуық шетелдік келген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жыл басынан бері елімізге 7 934 134 шетелдік келген. Ал елден шыққан азамат саны 7 751 491 адам. Ол шетелдіктер. Олардың негізінен жеке шаруалармен келген, халықаралық тасымалдау жұмыстарымен айналысатындар, елге жұмыс істеуге және іссапармен келген азаматтар. Қазіргі күні елімізге медициналық көмек алып, ем-дом алатын азаматтар қатары да көбейіп келеді, - деді ол.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтарының (шекарадан бірнеше рет өткенін ескерген жөн) шекара асып кеткендер саны 7 080 923 құраса (нақты – 2 877 228), келгендердің саны 6 965 067 (нақты – 2 818 205) құрады.