Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы электр қуаты өндірісінің көлемі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында сағатына 61,299 млрд киловатты құрады.
Статистика комитетінен хабарлағандай, бұл 2018 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,4% кем.Есептік мерзімде 50,724 млн гигакалория көлемінде жылу энергиясы өндірілген. Өткен жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,9% азайған.
Ал сумен қамтамасыз ету қызметінің көлемі 1 637,8 млн текше метрді құрады немесе 4,8% артты.