Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды

3 Маусым 2023, 22:33
536
Бөлісу:
Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды
Фото: ult.kz

Жыл басынан бері елдің оңтүстігінен солтүстікке 260 отбасы қоныс аударды, олардың әрқайсына үй сатып алуға 4 млн теңге көлемінде сертификаты табысталады, деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Биылдан бастап «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.

Бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүстік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе, білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы солтүстік пен шығыс өңірлерге 8 600 адам көшірілмек.

Оның 2 800-і Солтүстік Қазақстан облысына көшеді.

Өзгелердің жаңалығы