2023 жылдың бірінші тоқсанында елімізде екі мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖ министрі Юрий Ильиннің кездесуінде белгілі болғандай, өрттің 7%-ға жуығы елордаға тиесілі.
Азаматтарымыздың көмек туралы әрбір сигналына министрліктің бөлімшелері дереу ден қояды. Бірінші тоқсанда бір жарым миллионнан астам қоңырау түсті. Министрліктің бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және өртті сөндіруге республика бойынша 13 мыңнан астам рет шықты, 9 мыңға жуық азамат пен бала құтқарылды және эвакуацияланды, зардап шеккендерге бір мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, - деді министр жұма күні түстен кейін елорда тұрғындарымен кездесуінде.