Жыл басынан әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қанша адам қызмет алды

Бүгiн, 09:44
157
Бөлісу:
Жыл басынан әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қанша адам қызмет алды
Фото: ОКҚ

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 59,6 мың тапсырысы орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, оның ішінде: шамамен 37 мың оңалтудың техникалық құралдарын, 4,3 мың – ымдау тілі, 17,6 мың – жеке көмекші мен 0,7 мың – санаторийлік-курорттық емдеу қызметін алған.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінде Порталда 854 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 910 ОТҚ жеткізушісі, 31 мыңнан астам жеке көмекші, 751 ымдау тілі және 129 санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы