Жыл басталғалы 100-ден астам адам жол апатынан қаза тапқан

24 Қаңтар 2022, 11:36
1603
Бөлісу:
Жыл басталғалы 100-ден астам адам жол апатынан қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз дәстүрлі брифинг барысында айтты. 

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, еліміздің жолдарындағы жағдай күрделі. Қаңтар айының басынан жол-көлік оқиғаларынан 100-ден астам адамның қаза тауып, 400-ден астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, - деді Нұрділдә Ораз. 

Ол атағандай, Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын көліктер арасындағы қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтауға шақырады.

Көлік иелері ауа-райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек, нашарлаған жағдайда елді-мекендерден тыс жерлерде жүруді шектеу керек, - дейді ресми өкіл. 

Өзгелердің жаңалығы