Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жуырда теңгенің әлсіреуі бола ма?

Нұрқанат Атажан
2 Қыркүйек 2025, 13:03
640
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет кулуарында қазақстандықтарға теңге бағамы бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бағамға қатысты сыртқы әлсірету факторларын байқап отырған жоқпыз, ал ішкі алғышарттар жеткілікті түрде мықты. Сондықтан ұлттық валютаның айтарлықтай құбылуын күтпейміз, – деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар ол мемлекеттік бюджетке түзету енгізу жоспары жоқ екенін айтты.

Бұл тұрғыда қандай да бір өзгерістерді күтпейміз. Инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылады, күзде белсенді инвестициялық цикл басталады, азаматтар келісімшарттарды жабады. Осы тұрғыда біз инвестициялық белсенділіктің артуын, сауда-экономикалық және басқа да қызметтің жанданатындығын күтеміз, – деді Ұлттық банк басшысы.

Өзгелердің жаңалығы