Жүйені толығымен қайта құрып жатырмыз – Саясат Нұрбек

13 Ақпан 2023, 13:25
1243
Бөлісу:
Жүйені толығымен қайта құрып жатырмыз – Саясат Нұрбек
Фото: Үкімет

Times Higher Education апталық журналы Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрімен мақала жариялады. Саясат Нұрбек шетелдік оқу орындарын Орталық Азияда филиалдар ашуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр «бізде екі негізгі қозғаушы күштің арқасында өмірде бір рет болатын мүмкіндік бар» деді.

Times Higher Education материалында Азия мен Еуразияда 2 миллиардтан астам адам тұратыны, олардың жартысынан көбі 25 жасқа толмағаны, ал Қазақстанда білімге деген қажеттілік қазір ұсынылып отырған сұраныстан асып түсетіні айтылған.

Бұған қоса, былтыр қабылданған студенттердің саны (623 000) 2030 жылға қарай 1 миллионнан асады деп күтіліп отыр.

Министрдің мәлімдеуінше, оқу орындарын тарту мақсатында ел бюрократиялық кедергілерді азайтады және қаржылық ынталандыруды ұсына отырып, жағдайды жақсартады.

Біз реттеуші жүйемізді толығымен қайта құрып жатырмыз. Бірнеше аккредиттеу агенттіктері Қазақстанда өз кеңселерін ашты, – деді министр. 

Ол бірлескен кампустар құратын Халықаралық университеттер Қазақстан үкіметінен қаржылай қолдау алатынын атап өтті. 

Сондай-ақ мемлекет БАӘ университетінің арнайы экономикалық аймағының моделі бойынша жаңа кампустар мен академиялық қалаларға инвестиция салады.

2023 жылы алты филиал ашу жоспарланған, оның ішінде Heriot-Watt University; Seoul National University of Science and Technology (SeoulTech); баламалы энергия көздеріне ден қоятын Kazakhstan-German University; және тау-кен өнеркәсібіне, металлургияға және инженерияға маманданған, канадалық консорциуммен серіктестікте құрылған New Ulytay University.

2029 жылға қарай тағы 3 филиал ашу жоспарланып отыр.

Қазақстан үлкен білім нарығының бір бөлігі бола алады, - деп толықтырды сөзін Ғылым және жоғары білім министрі.

Өзгелердің жаңалығы