Жүрсін Ерман "Қазақстанның Халық жазушысы" атанды

Марапат ақынның ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегін бағалау мақсатында тапсырылды.

 instagram.com/zhursin_yerman 18 Ақпан 2026, 23:26
18 Ақпан 2026, 23:26
959
Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапат ақынның ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегін бағалау мақсатында тапсырылды. Құрметті атақ салтанатты түрде Жүрсін Ерманның 75 жасқа толған мерейтойында табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін Жүрсін Ерман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған.

Наверх