Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасаған деген күдікпен ұсталған 30-дан аса азаматқа қылмыстық іс қозғалып, 22 адам ұсталғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министр қазіргі таңда 7 адам қамауда отырғанын айтты.
Қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті ақпаратты біздің ресми тұлғалар беріп жатыр. Барлық дерек бойынша процессуалды тұлғалар – жәбірленушілер бар. Олар тергеуге белсенді қатысып жатыр. Күдіктілермен бетпе-бет жүздесу болды. Әріптестеріңіз бұл процеске қызығушылық танытып жатыр. Олардың процессуалды мәртебесі бар, әрі сұрақтар қоя алады, іске белсенді қатыса алады, белгілі бір тергеу әрекеттерін жүргізу үшін өтініш жасай алады, - деді Ахметжанов Үкімет отырысынан соң.
Сонымен қатар Ішкі істер министрі тергеудің басталғанын және қандай мән-жай анықтадса журналистерді хабардар етіп отыратынын мәлімдеді.