Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 22 -23 маусым күндері елордада БАҚ өкілдері арасында теннистен BAQ Open жыл сайынғы турнирі өтті. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын жарысқа Қазақстанның бірнеше өңірінен 50 астам журналист қатысты.
Турнир екі санатта өтті: Masters және Futures. Жарыс аяқталған соң БАҚ өкілдері мен ұйымдастырушылар The Ritz-Carlton Astana қонақ үйінің Өzen лобби-лаунджында жабылу рәсіміне жиналды. Барлық қатысушы Қазақстан теннис федерациясының дипломымен және серіктестердің бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің бас серіктесі «Kazzinc» ЖШС атанды.
Турнир қорытындысы:
Masters – әйелдер1. Галина Выборнова, "Экспресс К", Тараз;
2. Татьяна Ковалёва, Zakon.kz, Нұр-Сұлтан;
3. Айнагүл Елубаева, "Капитал" баспа үйі, Нұр-Сұлтан.
Masters - ерлер
1. ӘлІмжан Сабырбаев, Hola News, Алматы;
2. Андрей Ударцев, ktf.kz, Алматы;
3. Александр Олейник, QAZSPORT, Нұр-Сұлтан.
Futures - әйелдер
1. Жанар Сердалина, Bestnews.kz, Нұр-Сұлтан;
2. Ирина Тетерина, 365.info, Алматы;
3. Асыл Әбдіқадырова, "Хабар", Нұр-Сұлтан.
Futures - ерлер
1. Эльдар Аманбаев, QAZSPORT, Нұр-Сұлтан;
2. Аслан Мыңбаев, ҚР президентінің телерадиокешені, Нұр-Сұлтан;
3. Нұрахмет Бектұрғанов, "Хабар", Нур-Султан.