Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Журналистика саласының майталманы, "Жас Алаш" газетінің қызметкері Жолдасбек Дуанабай өмірден өтті.
Қалқамандағы №7 ауруханада қайтыс болыпты. "Жедел жәрдем" бірнеше рет алмай кеткен. Ентікпесі күшейіп, жағдайы күрт нашарлаған. Кеше түнде әріптестеріміздің кеңесімен "Жедел жәрдем" көлігіне өзі мініп алып, реанимациядан бір-ақ шыққан. Көп ұзамай, демі үзіліпті. Ағаның 1 апта бойы ауырғанын бүгін естіп, ішіміз қан жылап отыр. Дәрі-дәрмек, жағдай жасауға көмектесер едік қой деп. Жақсы адам еді. Журналистикада жүрген талай маманның ұстазы. Алла алдынан жарылқасын, - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы.