Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

3 Ақпан 2023, 17:53
1616
Бөлісу:
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды
Фото: Экспресс К

Астанада журналист Махамбет Әбжанға сот үкімі шықты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы журналисті 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Махамбет Әбжан 2022 жылдың шілдесінде екі айға қамауға алынған еді. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Оған қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылды.

Өзгелердің жаңалығы