Жүргізуші куәлігін алу тағы жеңілдетілді. Енді екі бірдей анықтама қажет емес

9 Желтоқсан 2020, 18:48
6461
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігін алу тағы жеңілдетілді. Енді екі бірдей анықтама қажет емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейтін болады. 

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.

Жүргізуші куәлігін алу тағы жеңілдетілді. Енді екі бірдей анықтама қажет емес

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, психо және наркодиспансерлік есепте тұрғаны бойынша тексерулерді жүзеге асыру мәселесін пысықтап жатыр. ІІМ осы мекемелердің базаларынан деректерді жалпы базаға біріктіруді ұсынады. Осылайша, ХҚКО мамандары жүргізуші куәліктерін ақпараттық ресурстар арқылы берген кезде өтініш берушінің есепте тұрғанын немесе жоқ екенін кез келген уақытта тексере алады, - дейді Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, бүгінде бірде-бір мамандандырылған ХҚКО-да полиция қызметкерлері жоқ. Олар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қашықтан, ақпараттық жүйелер арқылы қатысады. Бұл полицияның қызмет алушылармен және ХҚКО қызметкерлерімен байланыс жасауын болдырмауға мүмкіндік берді.

Жүргізуші куәлігін алу тағы жеңілдетілді. Енді екі бірдей анықтама қажет емес

Біз жыл сайын шамамен 900 мың жүргізуші куәлігін береміз. Олардың қатарында жүргізуші куәлігін алғаш алатындар, мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратындар немесе жаңа санат алатындар бар. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан тиісті жұмыс жүргізілгеннен кейін жүргізуші куәлігін мерзімі өтуіне байланысты ауыстыратын немесе жаңа санат алатын азаматтардан қағаз түріндегі наркологиялық және психодиспансер анықтамасы талап етілмейді, - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Қызмет көрсету азаматтар үшін барынша ашық және ыңғайлы келесі схема бойынша жүзеге асырылады екен.

- өтініш беруші қарапайым Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгінеді;

- ХҚКО қызметкері автокөлікті тіркеуге және қайта тіркеуге құжаттарды қабылдауды, жүргізуші куәлігін беруді, практикалық және теориялық емтихандарды қабылдауды және басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады;

- полиция офицерлері электрондық өтінімдерді қашықтан қарайды, бұл ретте жүйе өтінімдерді қызметкерлер арасына еркін, рандомдық тәртіппен бөледі.

Өзгелердің жаңалығы