Жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды

17 Сәуір 2024, 12:12
508
Бөлісу:
Жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды
Фото: - архив

Бұл туралы жол жүрісі ережесіне қатысты заңды талқылағанда белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Жол жүрісі туралы" заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасын депутат Екатерина Смышляева таныстырды.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып машина жүргізген, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар 7 жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді. 

Қазіргі таңда олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Осыған ұқсас айыптар бойынша жауапқа тартылған жүргізушілер 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Өзгелердің жаңалығы