Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша шеберлік сабағы өтті

10 Маусым 2022, 17:12
1145
Бөлісу:
Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша  шеберлік сабағы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Үздіксіз білім алу және шеберлік сабақтарға қатысу Жүрек орталығы қызметкерлерінің жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Жаңа білім мен халықаралық тәжірибе соңғы жетістіктерге қатар жүруге және отандық медицинаны дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2022 жылғы 7-8 маусымда Орталық қабырғасында кезекті шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушыларға аутотрансфузия жүйесі ұсынылды.

Бұл туралы Жүрек орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша  шеберлік сабағы өтті

Аутотрансфузия (ATS) – пациентке хирургиялық араласу кезінде жиналған және сүзілген өз қанын құю әдісі. Бұл жүйе донорлық қанға қажеттілігін азайтады, пациентті қалпына келтіру уақытын және медициналық қызметтерге арналған шығындарды қысқартады.

Шеберлік сабағынның екі күнінде Жүрек орталығының қызметкерлері LivaNova компаниясының аутотрансфузиялық жүйесімен танысты. Оқу бағдарламасына астаналық және Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды қалаларының медициналық орталықтарының перфузиолог дәрігерлері, кардиохирургтар және анестезиологтар қатысты.

Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша  шеберлік сабағы өтті

Жасанды қанайналым аппаратының көмегімен ашық жүрекке операция жасау кезінде қан құю жиі қажет. Аутотрансфузия әдісі операциядан кейінгі инфекциялардың, соның ішінде бүйрек жеткіліксіздігінің дамуының қаупін азайтады. Бұл жүйе көптеген артықшылықтарды көрсетеді, сондықтан оны одан әрі енгізу қан өнімдерін пайдаланудың дәстүрлі әдістеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін, - деді Жүрек орталығының қосымша қан айналымы зертханасымен операциялық бөлімшенің меңгерушісі Рымбай Қалиев.

Қатысушылар бағдарламаның теориялық бөлімімен, ғылыми мақалаларымен және кардиохирургия саласындағы аутотрансфузияның артықшылықтарымен танысты. Практикалық бөлімінде аппараттың жұмыс істеу принципі таныстырылды, оның барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша  шеберлік сабағы өтті

Екі күн ішінде біз жүрек-өкпе хирургиясы саласындағы соңғы біліммен бөлісуге мүмкіндік алдық және кардиохирургтармен осы салада нені жақсартуға болатындығы туралы белсенді пікірталас өткіздік. Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген көптеген перфузиологтармен кездесіп, пайдалы тәжірибе алдық. Жүрек орталығына шеберлік сабақты ұйымдастырғаны және қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті LivaNova компаниясының өкілі, клиникалық перфузиолог Youssef El Dsouki.

Өзгелердің жаңалығы