Жүрек орталығында әлемдегі ең кішкентай кардиостимулятор имплантацияланды

17 Тамыз 2021, 12:24
1393
Бөлісу:
Жүрек орталығында әлемдегі ең кішкентай кардиостимулятор имплантацияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 тамызда Жүрек Орталығында туа біткен жүрек ақауы бар 14 жастағы жасөспірімге әлемдегі ең кішкентай Micra AV электрокардиостимуляторын ТМД-дағы алғашқы имплантациялау өтті, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Науқасқа 7 жасында операция жасалып, ЭКС имплантацияланған.

Алайда, осы кезеңде бала өсіп, яғни имплантацияланған ЭКС енді мөлшеріне сәйкес келмей электрод созыла бастайды. Электродтың жарылу қаупі жоғарылаған.

Біз бұрынғы ЭКС жүйесін алып тастауды шештік, өйткені ол енді науқасқа жарамайды. Осыдан кейін біз жаңа электродсыз ЭКС Micra AV имплантациясын жасадық. Науқастың жағдайы едәуір жақсарды, ал атриа мен қарыншалар арасындағы синхрондау 80% жетті, - деді Жүрек Орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Аян Әбдірахманов.

Жүрек орталығында әлемдегі ең кішкентай кардиостимулятор имплантацияланды

Micro AV - бұл екі-камералы ынталандыру функциясы бар дәрінің өлшеміне келетін әлемдегі ең кішкентай электростимулятор. Ол тек оң қарыншада - жүректің бір камерасында орнатылады. Бірақ атриальды жиырылуды тану арқылы екі камера сияқты жұмыс істейді. 

Micra AV электродтармен байланысты асқынуларды болдырмай, атриа мен қарыншалардың жұмысын синхрондауға көмектеседі. Бұл жүйенің бірегейлігі де осында. Яғни, бұл ЭКС жүректің жұмысын синхрондайды.


Өзгелердің жаңалығы