Жүрегі ауыратын адамдар аптап ыстықта далаға шықпағаны жөн - кардиолог

28 Маусым 2022, 14:20
2519
Бөлісу:
Жүрегі ауыратын адамдар аптап ыстықта далаға шықпағаны жөн - кардиолог
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысып тұр. Кардиологтар ыстық ауа райы жүрек қан тамыры ауруы бар және инфаркт, инсульт алған адамдар үшін қауіпті дейді.

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығының Кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев жүрегі ауыратын адамдар күннің ыстығында далаға шықпағаны дұрыс деген кеңес берді.

Жүрегі ауыратын адамдар аптап ыстықта далаға шықпағаны жөн - кардиолог

Ауа райының ыстық және суық мезгілі ең қиын кезең. Себебі бұл кезде адам жүрегіне қысым келеді. Күн ысығанда адам терлеп, қаны қоюланады. Салдарынан жүреке тромб пайда болуы мүмкін, кейде қан қысымы көтеріледі. Оның барлығы жүрекке зиян. Сондықтан жүрегінде ақауы бар адамдар ыстықта далаға шықпай, салқын үйде отырғаны абзал,-дейді кардиолог.

Жүрегі ауыратын адамдар аптап ыстықта далаға шықпағаны жөн - кардиолог

Сонымен қатар ол ыстық күнде жүрек сыр беріп, қиналған сәтте қандай шара қолдану керектігін айтты.

Ыстықтан жүрек ауырса қан сұйытатын дәрі ішкен дұрыс. Ал, қатты қысып, ауырып жатса дереу дәрігерге жүгіну керек. Жалпы жүрек ауруының алдын алу үшін қан қысымын тексеріп, су ішіп отырған жөн,-дейді Рүстем Төлеутаев.

Жүрегі ауыратын адамдар аптап ыстықта далаға шықпағаны жөн - кардиолог

Айта кетсек, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу орталығы жүрек ауруларын емлеу мен ота жасау бойынша елісіздегі жетекші медициналық ұйым. Институт қазіргі заманғы озық технологиялармен қамтылған. Мекемеде күніне 3-4 жүрек отасы жасалады екен.

Өзгелердің жаңалығы