Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназароваға БАҚ өкілдері жұмысын қай саладан бастайтынын сұрап, сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, белгілі жұмыстарды атқаруда асығыс шешім қабылдамау керегін жеткізді.
Ең бастысы жұмысымызды Президентіміздің тапсырмаларын орындаудан бастаймыз. Кеше кеңейтілген үкімет отрысында Президент тарапынан тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Нақты тапсырмасы МӘМС жүйесі болды. Бүгінгі күні нақты нәтиже көрсетіп отырған жоқ. МӘМС жүйесіне сын көзқараспен қарап, негізгі жұмысын өзгерту мәселесін алға қойды. Біз бұл жұмысты бастап кеттік деп айтуға болады. Тез шешім қабылдауға болмайды. Себебі халықпен жұмыс істейтін үлкен жүйе. Сондықтан бұл жерде асығыс жасаған шешімдер қабылданбауы керек. Оған уақыт керек. Сарапшыларды да сырттан тартып жатырмыз, - деді Денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова.
Министр Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражат жетіспеушілігіне де тоқталды.
Қаражат жетпеудің бірнеше себебі бар. МӘМС жүйесіне қаражат халық тарапынан бөлінетін жарна есебінен жинақталады. Жұмыс берушілердің жауапкершілігі қарастырылған және мемлекет тарапынан кепілдентірілген медициналық көмектің көлемін қаржыландыру беріліп отыр, - деді Ақмарал Әлназарова.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенат депутаты Ақмарал Әлназарованың өкілеттілігі тоқтатылды.