Жұмыссыздықпен күреске тағы да 200 млрд теңге бөлінді

10 Шілде 2021, 22:08
2108
Бөлісу:
Жұмыссыздықпен күреске тағы да 200 млрд теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ұлттық төлем жүйесін цифрландырудың қалай жүріп жатқанын баяндады.

Макроэкономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк биылғы бірінші жартыжылдықта ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етті. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Жұмыспен қамту-2021» жол картасын іске асыруға қосымша 200 млрд теңге бөлінді, - деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы туралы айтты. Мемлекеттік қызметшілер еліміз үшін осындай сын сағатта жұдырықтай жұмылып, батыл қадамдарға барып, өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетіп, шұғыл шешімдер қабылдауы қажет екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, жиында Үкімет басшысы Асқар Мамин халықтың орташа жалақысы қанша екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы