Жұмыстан айырылған жағдайда мемлекет әрбір азаматқа ай сайынғы әлеуметтік төлем тағайындайды. Бұл төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төлем алу үшін келесі шарттар міндетті:
- Өтініш беруші жұмыстан шықпас бұрын ресми түрде жұмыс істеген болуы керек;
- Соңғы кемінде 6 ай бойы әлеуметтік аударымдар (сақтандыру жарналары) төленген болуы тиіс;
- Өтініш беруші ресми түрде жұмыссыз мәртебесін алуы қажет.
Әлеуметтік төлемге өтініш берудің жолдары:
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО)
- Мансап орталығы
- «Электронды еңбек биржасы» порталы
- Проактивті қызмет көрсету режимі
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы
ХҚКО арқылы өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш формасы
- Жеке куәлік
Проактивті қызмет арқылы өтініш беру тәртібі:
Өтініш беруші проактивті қызмет көрсетуге келісім беріп, міндеттемелерді қабылдауы қажет. Сонымен қатар, банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген нөміріне жолданатын хабарламаға жауап беру қажет.
Төлем мерзімі мен шарттары:
- Қазақстанда жұмыссыздық бойынша төлем жұмыссыз мәртебесі ресми түрде алынған күннен бастап есептеледі.
- Жәрдемақы өтілге байланысты тағайындалады.
- Максималды төлем мерзімі – 6 ай.