Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұмыссыз жүргендер жұмысқа қалай орналаса алады?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
5 Қаңтар 2026, 15:53
680
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанда жұмыссыздықтың белең алуына жол бермеу, азаматтардың кәсіби дағдыларын дамыту, жас мамандар мен зейнет жасына таяған адамдарды жұмыспен қамту, сондай-ақ отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару мақсатында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, бүгінгі таңда белсенді шаралардың негізгі түрлері мыналар:

  • Кәсіби оқыту;
  • “Бастау бизнес” жобасы аясында кәсіпкерліктің негіздерін оқыту;
  • Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттар беру;
  • Субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау;
  • Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу.

Белсенді жұмыспен қамту шараларына жұмыссыз азаматтар, қандастар, әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалар, жазасын өтеп шыққандар және есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар бұл шараларға жоғары сынып оқушылары, студенттер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыстан босатылған адамдар да қатысуға мүмкіндік алады.

Белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу үшін үміткер тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына тікелей жүгінуі немесе “Электрондық үкімет” веб-порталы мен E-Еңбек.kz электрондық жүйесі арқылы жолдама алуы қажет.

Өзгелердің жаңалығы