Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті

11 Қазан 2022, 16:52
1539
Бөлісу:
Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті
PHOTO

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының қоғамдастығымен кездесуі кезінде қазақстандықтарға ел экономикасында жетекші орындарға ие, тиімді әрі жауапты бизнес қажет екенін атап өткен болатын. Мұндай компаниялар қатарына әлеуметтік проблемаларды шешуге ерікті түрде атсалысу тәжірибесін қағидаға айналдырған «Қазақмысты» жатқызуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақмыстың» әлеуметтік жауапкершілік бойынша басым бағыттарының бірі – қызметкерлерге қамқорлық жасау. Бұл қамқорлық Еңбек кодексін орындау шеңберінен шыққалы қашан. Мыс алыбы өз жұмысшыларының алдында тағы қандай қосымша міндеттемелерді мойнына алғанын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин Nur.kz-ке берген сұхбатында айтты. 

- Көптеген  жұмысшы үшін жалақы мәселесі анағұрлым өзекті болып саналады. «Қазақмыс» жаңа жылдан бастап жалақыны көтеруді жоспарлап отыр ма?

- Компания құрылғалы бері жұмысшылардың барлық категориясы үшін тұрақты түрде жалақыны көтеріп келе жатқанын байқауға болады. Жекелей алғанда, соңғы үш жылға көз салсақ, жалақы 2020 жылы 13,7%-ға, 2021 жылы 20,5%-ға, 2022 жылы 33%-ға артқан. Біз тұрақты түрде жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мониторинг жасаймыз, азық-түлік, азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтер нарығын сараптаймыз,  өз қызметкерлеріміздің жалақы көлемін республикадағы өзге де тау-кен кәсіпорындарындағы жалақы деңгейімен салыстырып отырамыз. Желтоқсан айында жұмысшыларға 2023 жылы жалақы қанша пайызға өсетінін хабарлаймыз.

Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті

- Компанияда жалақыны тұрақты түрде өсіруден басқа жұмысшылардың өмір сапасын арттыруға бағытталған тағы қандай әлеуметтік жауапкершілік шаралары қарастырылған?

-Бізде қызметкерлер өмірін жақсартуды көздейтін әлеуметтік бағдарламалар ұдайы түрде жүзеге асып отырады. Мәселен, үш жыл ішінде «Қазақмыс» компаниялар тобының жұмысшыларын баспанамен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде көпбалалы отбасыларға құны 3,8 млрд теңге болатын 4 бөлмелі 186 жабдықталған пәтер сыйға берілді. Биылғы жылдан бастап ерекше күтімді қажет ететін балалары бар жұмысшыларға тегін баспана беру бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды. Балаларды қорғау күні «Қазақмыс» осындай 35 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Жыл соңына дейін тағы 53 отбасы баспаналы болмақ. Әлеуметтік аз қамтылған жұмысшылардың осы категориясын баспанамен қамту үшін 2022 жылы 2,7 млрд теңге бөлінген. 

Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті

- Ал жұмысшыларының денсаулығын қорғау үшін компания не істеп жатыр? 

- «Қазақмыста» 1 тамыздан бастап жұмысшыларымыз бен олардың отбасыларына арналған ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама «Қазақмыс» Сақтандыру компаниясымен бірлесе отырып қолға алынып отыр. Әзірге бағдарламаның пилоттық нұсқасы зиянды жұмыс жағдайында еңбек ететін жұмысшылар үшін ғана қолжетімді. Оған қоса, бұл жасы мен санына қарамастан, жұмысшылардың отбасы мүшелерін  қоса тіркеу мүмкіндігі де беріліп отыр.  ЕМС аясында жұмысшылардың отбасына жедел жәрдем, амбулаториялық және стационарлық ем алу, стоматологиялық қызмет алу, отбасылық дәрігерді үйге шақырту, дәрілермен қамту секілді медициналық қызметтер көрсетіледі. Бағдарламаны енгізген күннен бастап медициналық қызмет алуға 3,5 мың адам жүгініп үлгерген. 

Сондай-ақ біз Жезқазған қаласында «Ассистанс» деп аталатын жеке клиникамызды ашып жатырмыз. Қазіргі таңда Сәтбаев қаласындағы «Жезқазған» медициналық орталығы жанынан клиниканың филиалына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал медициналық сақтандыру бойынша қызметтер Қазақстанның барлық аумағындағы «Ассистанс» және оның серіктестік желісіне енетін клиниканың барлығында көрсетіледі. Медициналық қызметке қатысты барлық сұраққа тәулік бойы жұмыс істейтін «Архимедес Казахстанның» Call-орталығына 9080 нөмірі бойынша хабарласып, жауап алуға болады. Ерікті медициналық сақтандыру жұмысшылардың жалақысынан ақша ұстап қалмайтынын, барлық шығынды «Қазақмыс» өз мойнына алатынын тағы да еске салып кеткім келіп тұр. Жұмысшыларды емдеу және сауықтырудан бөлек, «Қазақмыс» жыл сайын спорттық-сауықтыру орталықтарымен де келісімшарт жасайды. Жұмысшылар футбол, жүзу, конькимен сырғанау, волейбол секілді  спорттың өзге де түрлері бойынша секцияларға тегін қатыса алады. Бұған қоса, жұмысшылардың өтініші бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерінің балалары үшін «Таэквондо» мектебінің спорт секциясымен келісімшарт жасалған. Одан бөлек, кәсіби дерті бар жұмысшылар доктор С.М. Бубновскийдің орталығында кинезитерапия әдіснамасы бойынша сауықтырудан өте алады.

Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті

- Компания жұмысшылар демалысын ұйымдастыру ісіне қатыса ма? Қатысатын болса, ол қалай жүзеге асады? 

- Биыл «Қазақмыс» барлық жұмысшыға жылына бір рет еңбек демалысы кезінде Қазақстанның кез келген шипажайына барып, денсаулығын сауықтыруға мүмкіндік беретін жаңартылған бағдарламаны іске қосты. Ол бойынша шипажайдағы емге кеткен шығынды компания өзі өтеп береді. Жолдама бойынша 125 000 теңгені компания өтейді. Жаздың үш айында бұл бағдарламаны 600 жұмысшы пайдаланды. Бюджетке төленетін салық бен міндетті төлемдерді есепке алғанда 47,5 млн теңге өтемақы төленді. Жұмысшылардың балалары да назардан тыс қалмайды. 2021-2022 жылғы жазғы каникул кезінде 1,5 мың бала жетекші балаларды сауықтыру орталықтарының бірі - «Эдельвейс Боровое» демалыс орнында демалып қайтты.  Бұл ретте жалпы 117 600 теңгенің 10 пайызын ата-аналар төлесе, қалған шығынды компания өз мойнына алды.

- Компания жұмысшыларына арналған қосымша жеңілдіктер бар ма? 

- 2020 жылдан бері сәтті түрде жүзеге асып келе жатқан аз қамтылған жұмысшыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын атап өтер едім. Компанияда бұл категорияға табысы шартты күнкөріс минимумынан аз немесе корпорацияның 1,7 коэффициентіне көбейткенде және отбасының әр мүшесіне шаққанда күнкөріс минимумына тең тұлғалар кіреді. Атаулы әлеуметтік көмек белгіленген екі төлем түрінен тұрады. Олардың бірі – тоқсан аралық, екіншісі бір жолғы. Әр тоқсан сайын компания жұмысшыларына негізгі азық-түлік себетін алу үшін 75 мың теңгеге тең белгіленген сомадағы қаражатты жалақысына қосымша ретінде береді. 75 мың теңге – бұл жұмысшыларға берілетін бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептемегендегі сома, бұл төлемдердің барлығын «Қазақмыс» өз есебінен төлейді. Ал 56,5 мың теңге көлеміндегі бір жолғы төлем мектеп жасындағы балалары бар жұмысшыларға қатысты. Бұл қаражат кем дегенде бір баланы мектепке дайындау, негізгі киімі мен канцелярлық тауарларды алуға арналған. 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмекті аз қамтылған мыңнан астам жұмысшының отбасы алды. 

Жұмысшылардың өмір сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті

- Компания жұмысшыларының денсаулығын нығайту, дамыту, ұжымдық рухты көтеру және ұжымдағы еңбек және әлеуметтік қатынастарды жақсарту үшін барлық жағдай жасалғаны көрініп тұр. Ал өндірістік жарақат, кәсіби дертке шалдыққан жұмысшылар қадай қолдау ала алады? 

- Өндіріс орнында қайтыс болған жұмысшылардың отбасы мен кәсіптік дертке шалдыққан жандар, сонымен бірге өндіріс кезінде жарақат алған мүгедек жандар айрықша бақылауда деп нақты айта аламын. Еңбекке жарамсыздық бойынша төлемдер жыл сайын индекстеледі. Шипажайлық ем алу, дәрілік преапараттарды сатып алу, арнайы тамақтану, протездеу және т.б. көптеген шығынды өтеу түріндегі қосымша көмек түрлері көрсетіледі. Тек қана 2021 жылы 700-ге жуық мүгедектігі бар жан қосымша көмек түрін алды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы Ұжымдық келісімшартта мүгедектігі бар жандар мен өндіріс басында көз жұмған жұмысшылардың отбасына берілетін жекелеген әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Өмір сүру деңгейі қымбаттағанын назарға ала отырып, 2022 жылдың сәуірінен бастап, компания басшылығы еңбек жарақаты мен кәсіби дертке шалддыққан мүгедектігі бар жұмыс істемейтін жандарға, сонымен бірге асыраушысынан айырылған отбасыларға 36 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы материалдық көмек бере бастады. Сәуір айынан тамыз айына дейін материалдық көмек 3 мың адамға көрсетілді. Аталған категорияға жататын тұлғалардың жағдайын ескере отырып, бүгінгі таңда мүгедектігі бар жандар мен асыраушысынан айырылған тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасын тарату механизмі қарастырылуда. Осылайша, айсайынғы табысы төмен отбасылар тоқсан сайын компаниядан көмек ала алады. Бұған қосымша, аталған категорияға жататын азаматтар мен олардың балаларының салауатты өмір салтын қолдау және өмір сапасын жақсарту мақсатында жаңа жылдан бастап тегін спорт секцияларына қатысу мүмкіндігі берілмек. Тағы да айта кетейін, жұмысшылар өмірінің сапасын жақсарту – «Қазақмыс» компаниясы басшылығының басым міндеті. 

Өзгелердің жаңалығы