Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өңірдегі этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жастар және еңбек ұжымдарымен бірнеше кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесулердің басты тақырыбы – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Жұмысшы мамандықтары жылын қолдау шаралары болды. Сондай-ақ, өңірдегі этносаралық келісімді нығайту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу және кәсіптік бағдар беру мәселелері жан-жақты қаралды.

"Жас еңбеккер – ел үміті" атты форумда ҚХА-ның жұмысшы мамандықтарды дәріптеу рөлі, жастарды өндірістік процеске тарту, шеберлік сабақтары мен кәсіби экскурсиялар ұйымдастыру туралы пікірталас болды.
Этномәдени бірлестіктер басшыларымен кездесуде этносаралық келісімді күшейту, жанжалдарды болдырмау және этномедиация саласында жаңашылдық енгізу жайы талқыланды. Жастар қозғалысы белсенділерімен өткен кездесуде волонтерлік және техникалық мамандықтарға оқыту жобаларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Марат Әзілханов Павлодар қаласындағы Д.Д. Махмудов атындағы трамвай басқармасының ұжымымен кездесті. Бұл мекеме ҚХА-ның жастарды жұмыспен қамту жобасының серіктесі болып табылады.
Жазғы еңбекпен қамтылу жобасы мыңдаған мектеп оқушыларына алғашқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беріп, олардың жауапкершілік пен кәсіби бағдарын қалыптастыруға септігін тигізуде.
Сапар барысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Қара сөздер" аудио жинағы таныстырылып, ол Павлодардағы трамвайларда шырқалып, рухани мұраны насихаттауға үлес қосады.