Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамының маңыздылығын арттыру және жұмысшы мамандықтарды танымал ету мақсатында фестиваль өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фестивальдің басты нысандарының бірі – Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық серіктестермен бірлесіп ұйымдастырған аграршылар көшесі.
Серіктестер қатарында Ecoculture-Eurasia" ЖШС, "АгромашХолдинг KZ", "Евразия Агро Семей" ЖШС, Qazsut Сүт палатасы, Westfalie, Қазақстанның Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы, Қазақстан Құс өсірушілер одағы және Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті бар.
!["Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестиваліндегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалады](/userfiles/images/3dd86c74-ab9f-45f7-81fe-9ec7752eeb38.jpg)
Аграршылар көшесінде егіншілік, мал шаруашылығы және механизаторлар павильондары орнатылып, саланың жетістіктері көрсетілді.
Келушілер заманауи аграрлық технологиялармен танысып, трактор жүргізу симуляторын сынақтан өткізіп, инновациялық сауу жабдығын көріп, жылыжай кешеніне 3D-тур жасай алады және басқа да қызықты тәжірибелерге қатыса алады.
!["Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестиваліндегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалады](/userfiles/images/923ba0c6-46d9-4505-a6c4-1fabe383e1f0.jpg)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰАҒББО және Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ бірлесіп "АӨК мамандары: мемлекет, бизнес және білім рөлі" тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырды.
Онда саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, ауыл шаруашылығының дамуындағы заманауи үрдістер, цифрлық технологиялар мен болашақ мамандарының АӨК тиімділігін арттырудағы рөлі талқыланды.
!["Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестиваліндегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалады](/userfiles/images/c7df262e-e151-4e27-a544-e369b92a17d3.jpg)
Аграрлық өндірісті жедел индустрияландырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Бұл техникалық жабдықталуды арттыру, ғылыми негізделген агротехнологияларды енгізу, ғылыми қолдау мен инновациялық әзірлемелерді күшейту, сондай-ақ нақты сектордың қажеттіліктеріне сай кадр даярлау жүйесін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс.
!["Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестиваліндегі аграршылар көшесін 16 мың адам тамашалады](/userfiles/images/a935a910-b517-42fb-a21b-ea1b34883951.jpg)
"Жұмысшы мамандықтар қаласы" фестивалі өз жұмысын жалғастырып, келушілерге болашағы зор мамандықтар мен әртүрлі саладағы, соның ішінде ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік ұсынып отыр.