Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төраға азаматтардың талап-тілегін орындауға ерекше көңіл бөлінуі керегін айтты.
Жұмыс шаш етектен. Мәселен, моноқалаларды дамыту жайы да назардан қалып қоймауы керек.
Жергілікті маңызы бар жолдар, медициналық сақтандыру, жұмыспен қамту, баға өсімі, кибералаяқтық, баспана қолжетімділігі, интернеттің сапасы, тағы да сол сияқты мәселелер бар, - деді Қошанов.
Мәжіліс спикері айтқандай, мемлекеттік органдар бұл мәселелерді дереу шешу қажет, шара қолдану керек.
Мемлекет басшысы жариялаған “Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” мәні осында, - деп санайды Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, осыған дейін Қошанов халықтың қандай проблемасы шешілгенін атады.