Жұмыс орны, жалақы, өндіріс: «Ауыл» партиясы Атырау мен Ақтөбеде өндіріс ұжымдарымен кездесті

Атырау мен Ақтөбедегі кездесулерде азық-түлік қауіпсіздігі, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын дамыту мәселелері талқыланды.

3 Тамыз 2026, 19:49
АВТОР
 3 Тамыз 2026, 19:49
3 Тамыз 2026, 19:49
60

«Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Атырау және Ақтөбе облыстарындағы өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды.

Атырау облысының Жаңаталап ауылдық округіндегі «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» ЖШС-де өткен кездесуге Жигули Дайрабаев пен Нұртас Байжанов қатысты. Басқосуда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Кандидаттар өндірістік кооперацияны кеңейту, экспорттық әлеуетті арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, агрологиялық инфрақұрылымды жетілдіру және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы бастамаларға тоқталды. Сонымен қатар отандық өнім өндіретін және оны өңдейтін кәсіпорындардың дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Кездесу барысында еңбек адамының мәртебесін көтеру, өндіріс қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, жұмыспен қамтуды қолдау және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді. Ашық пікір алмасу кезінде зауыт қызметкерлері балық шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Осындай мазмұндағы кездесу Ақтөбе облысындағы «FIBC KAZAKHSTAN» ЖШС-де де өтті. Кәсіпорын ұжымымен кездескен ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Камшат Тулеуова партия бағдарламасында көзделген отандық өндірісті қолдау, өнеркәсіп пен өңірлік экономиканы дамыту, кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру, еңбек адамының мәртебесін арттыру және өндіріс саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту бағыттарына тоқталды.

Басқосу барысында қазақстандық өндірушілерді қолдау, өндірістік кооперацияны нығайту, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін күшейту мәселелері талқыланды. Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері өз сауалдарын қойып, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Наверх