Жұманғарин: Қазақстан - экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел

5 Қараша 2022, 17:06
1437
Бөлісу:
Жұманғарин: Қазақстан - экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел
Фото: автордан

Қазақстан - экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел. Бұл туралы Шанхайда өтіп жатқан V Қытай халықаралық импорт көрмесіне (CIIE) жолдаған видеоқұттықтауында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қытай - Қазақстанның Азиядағы ең басты стратегиялық, сауда-саттық және инвестициялық  серіктестігі. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымы 15,4 млрд долларға жетті. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 35%-ға артық, - деді министр.

Жұманғарин: Қазақстан - экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел

Оның сөзінше, бүгінгі күні Қазақстаннан Қытайға тасымалданатын негізгі сауда айналымындағы тауарлардың қатарында металл, концентраттар, зығыр тұқымдары, бидай, өсімдік майы бар.

Қытайлық сатып алушылардың қазақстандық сапалы және қауіпсіз өнімдерге қызығушылығы бар екенін көріп отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан бұл сұраныстарды қанағаттандыра алады. Еліміз экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел. Біз 135 тауар позициясы бойынша 1 миллиард доллар көлеміндегі қазақстандық өнімдердің Қытайға экспортын арттыруға дайынбыз. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың зор мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Қытайлық кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз, - деп атап өтті Жұманғарин.

Жұманғарин: Қазақстан - экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіруші ел

Сауда министрі Қазақстан бұрышында сапалы отандық тауарлар ұсынылып отырғанын еске сала кетті.

Айта кетейік, V Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) 5-10 қараша аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы