Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұманғарин мойындады: 85 мың теңгеге өмір сүру мүмкін емес

Олжас АДАЙ
2 Маусым 2025, 15:49
2072
Бөлісу:

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте қазіргі ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге өмір сүрудің мүмкін еместігін ашық айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер шенеунікке азық-түлік бағасының қымбаттап кеткенін айтып, "Ең төменгі жалақыны қайта қарау қажет емес пе?" деген сұрақ қойды. Министр бұл көрсеткіштер үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Бұл екі көрсеткіш үнемі қайта қаралады. Әсіресе, ең төменгі жалақы деңгейі – үкіметтің күн тәртібіндегі тұрақты жұмыс. Бағалардың өскені рас. Бұл тұрғыда сізбен толық келісемін, – деді Жұманғарин.

Министр де ең төменгі жалақыға өмір сүре алмайтынын айтады.

Меніңше, мен бұл ақшамен өмір сүре алмас едім. Бірақ ең төменгі жалақы – есептік көрсеткіш. Мұны нақты түсіну керек. Бұл – жұмыс беруші одан төмен жалақы төлемеуі тиіс деген шек. Яғни бұл біреуге дәл осы сома төленуі тиіс дегенді білдірмейді, – деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Серік Жұманғарин "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы тоқтайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ұлттық қордан триллиондар шашылғанын және енді оның тоқтайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы