Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты.
Агенттіктің 2021 жылы тұрғын үй нарығында жүргізген талдау көрсеткендей, көптеген өңірде тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында - шоғырлануы орташа. Алматы қаласында – I және II санатты тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары, ал, III және IV санатты - орташа. Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыс нарығының шоғырлануы жоғары, онда BI Group холдингінің бір ғана құрылыс салушысының үлесі 60% - дан асады, - деді Жұманғарин.
Ол атағандай, жыл сайын тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғаюы 10% - дан астам болып отыр.
Алайда нарықты дамытудың орнына, оның ойыншыларының саны артып, жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуі күшеюде.Нәтижесінде, соңғы бес жылда бастапқы тұрғын үй бағаларының жылдық индексінің өсуі 1,3-тен 16,6 %-ды құрады. Бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпінінің 12 еседен астам ұлғаюы, құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі, - деді ол.