Қазақстанның болашағын көркейту жолында елді басқаруға дайын саясаткер – Жұлдыз Намаз

13 Маусым 2019, 21:07
5125
Бөлісу:
Қазақстанның болашағын көркейту жолында елді басқаруға дайын саясаткер – Жұлдыз Намаз

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Жас Отан» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрайымы Жұлдыз Намаз 2019 жылдың 12 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында қазақ елінде Тәуелсіздік дәуірінің тағы бір жаңа парағы ашылғанын атап өтті. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ресми түрде Қазақстан Республикасының президенті атанды. Халық таңдаған жаңа президенттің ұлықтау рәсіміне қатысу және тарихи сәттің куәсі болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен Қазақстанның жарқын болашағын елестетемін», - деді ол.

Оның сөзінше, жаңадан сайланған мемлекет басшысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыздың сенім артқан өте тәжірибелі әрі білікті маманы бола білді. 

«Ол кісінің парасатты, байыпты, пайымды саясат жүргізетініне уақыт төреші. Ел басқару жауапты міндет екенін әрқайсымыз сезінеміз. Осы қиын да жауапты жолда қазақ халқының үмітін арқалап, тәуелсіздігімізді ары қарай нығайтып, биік белестерге бастайды деп сенемін», - дейді Жұлдыз Намаз.

Жас төрайымның ойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының болашағын көркейту жолында елді басқаруға дайын саясаткер.

«Еліміздің екінші президенті қазірден бастап алдына нақты мақсаттар қойып, жастарды қолдауға кірісті. Жастар жылында жастарға көп мүмкіндіктер жасалады деп үміттенемін. Өрлеу принципінің де басты бағыты – жастарға негізгі күш ретінде арқа сүйеуі. Мен, Жұлдыз Алмазқызы президент мырзаның айтқан уәдесіне кәміл сене отырып, жаңа президентіміздің барлық бастамаларын қолдаймын! Қасым-Жомарт Тоқаев – біздің президент», - деді «Жас Отан» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрайымы.

Өзгелердің жаңалығы