Жүлде қоры - 35 млн теңге. «Айбоз» әдеби сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

3 Шілде 2024, 17:46
168
Бөлісу:
Жүлде қоры - 35 млн теңге. «Айбоз» әдеби сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына арналған шығармалар қабылданып жатқанын хабарлайды, деп жазады BAQ.KZ.

 «Айбоз» - отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық.

 Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. 

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі. Өтінім 2024 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс, - делінген хабарламада.

 Ұлттық әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. 

Өзгелердің жаңалығы