"Жүктімін": Салық органынан хат алған тележүргізуші ауруханаға түсіп қалды

19 Ақпан 2025, 06:25
5770
Бөлісу:
"Жүктімін": Салық органынан хат алған тележүргізуші ауруханаға түсіп қалды
Фото: pixabay.com

Қазақстандық тележүргізуші, актриса әрі блогер Дарья Александрова салық органдарынан алған хаттан соң жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, мемлекеттік кіріс органдарынан келген хабарламада блогердің 120 млн теңгеден асатын табысын жасырғандығы көрсетілген.

Жүкті әйел ауруханаға жатуға мәжбүр болғанын алға тартып, қызметімді жеке кәсіпкерлік арқылы заңдастырдым деп отыр.

Байғұс балам-ай, осы күндері күйзелістен ішімде секірді. Жай ғана жатырмын. Айғайламаймын, жыламаймын, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәселесімен салық қызметіне жүгінетінін айтқан блогер заң аясында жұмыс істегенін дәлелдейтініне үмітті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы