Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласынан Өскемен қаласына жедел медициналық көмекке мұқтаж 1989 жылғы жүкті әйел жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталмыш операцияны ұшқыштар Анатолий Козловский, Олег Алфеев, бортмеханик Ерғазы Сабдиров және пациентке қажетті медициналық қолдауды қамтамасыз еткен санавиация дәрігерлері жүргізді.
Шұғыл медициналық рейстер барлық қатысушылардың жоғары кәсіби даярлығын және үйлесімді жұмысын талап етеді. Экипаж бен дәрігерлердің жедел іс-қимылының арқасында болашақ ана Өскеменнің медициналық мекемесіне аман-есен жеткізілді, оған қажетті көмек көрсетілуде.
Қазақстанның ТЖМ жедел медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді шұғыл эвакуациялауды қамтамасыз ете отырып, өмірді құтқару жөніндегі маңызды миссияны орындауды жалғастыруда.