Жүкембаев Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңді, деп хабарлайды <a href="https://vesti.kz/profi/nokautom-69-sekund-zakonchilsya-boy-djukembaeva-protiv-304895/">Vesti.kz</a>.</p>

18 Желтоқсан 2021 2021, 11:50
АВТОР
 18 Желтоқсан 2021 2021, 11:50
18 Желтоқсан 2021 2021, 11:50
1551

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың кездесуі Монреальда өтті. Жекпе-жек алты раундқа есептелген, дегенмен Жүкембаевқа жеңіске жету үшін бір минуттан аса уақыт жеткілікті болды.

Қазақстандық боксшы бірден қысым жасады. Батыр кездесу бастала сала қарсыласына ауыр соққыларын жұмсады. Оның бірі нокдаунмен аяқталды, бірақ қарсылас кездесуді жалғастыра алды.

Жүкембаев шабуылдарын жалғастыра берді, сондықтан төреші жекпе-жекті тоқтатты. Қазақстандық боксшы, осылайша, 69 секундта техникалық нокаутпен жеңді.

Наверх