Қарағанды облысы Қарағанөзек бекетіндегі теміржолда жасөспірімді тоқ соғып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға 7 мамырда болған. «Қазақстан теміржолы» ҰҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешкі сағат 19:00 шамасында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соққан.
Жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарынан байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін, әсіресе теміржол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз, - дейді теміржол мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте ауыр.
Денесінің жоғары бөлігінің 60%-і күйген. Қазіргі күні жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.