Жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті – Ақмола облысы

19 Маусым 2022, 04:41
1255
Бөлісу:
Жүк пойызы жиырмадан астам қойды басып кетті – Ақмола облысы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы аумағында жүк пойызы теміржолда жайылып жүрген ондаған малды басып кетті, деп хабарлады aikyn.kz.

Оқиға «ОП-96-Жайнақ» теміржол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі теміржолда малдың жайылып жүргенін байқап, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. 22 қой-ешкі өлген, ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.

Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесі ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен теміржол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді департаменттен.

Өзгелердің жаңалығы