Жүк пойызының рельстен шығуына қатысты ҚТЖ түсініктеме берді

7 Ақпан 2021, 13:22
2424
Бөлісу:
Жүк пойызының рельстен шығуына қатысты ҚТЖ түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 ақпанда 15 сағат 20 минутта Жамбыл облысы Шу – Отар теміржол учаскесінде 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан № 2534 жүк пойызының 11 бос вагоны рельстен шығып кетуі оқиғасы орын алған болатын.

Сол оқиғаға байланысты «Қазақстан темір жолы» АҚ түсініктеме берді.

Ақпаратқа сүйенсек, темір жол төсемі мен жылжымалы құрам зақымданып, көрші жолмен пойыздарды өткізу үшін габарит бұзылып, учаске бойынша пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Жол бөлімшесі басшысының бұйрығымен оқиға орын алған жерге оның салдарын жою үшін Алматы және Шу станциясынан арнайы қалпына келтіру пойыздары бағытталды, - делінген хабарламада.

Қалпына келтіру жұмыстары штаттық режимде жүргізілді және де 21:01 сағатта аталған участок бойынша пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Пойыздар қозғалысының кестесі бұзылды. Жалпы алғанда 8 пойыз тоқтауға мәжбүр болса, соның 4-еуі жолаушы пойызы Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы