Жүк көліктерінің салмағы тексеріліп жатыр

5 Сәуір 2024, 14:03
215
Бөлісу:
Жүк көліктерінің салмағы тексеріліп жатыр
Фото: BAQ.KZ -архив

Барлық жүк көлігінің салмағы өлшенеді. Бұл су тасқынына байланысты қолға алынған шара, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Елдің 7 өңірінде осы мәселеге байланысты уақытша шектеу қойылды. Республикалық маңызы бар жолдарда кезекшілік бекеті орнатылып, жүк көліктері таразыға тартылып жатыр. Тексеру барысында Өскемен қаласының аумағында химиялық заттарды шамадан тыс тиеп алған көлік тоқтатылды. 

Жүргізушінің бағыт алған нысаны туралы парақшасы жоқ екені анықталды. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Былтыр көлікті бақылау инспекторлары осындай заңсыздыққа жол бергені үшін 300 жүргізушіге 30 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған. 

23 наурыздан 1 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда көктемгі су тасқынына байланысты уақытша шектеу қойылады. Нақтырақ айтсақ, барлық жүк көліктерінің рұқсат етілген салмағы 20 пайызға дейін төмендетіледі, - деді ШҚО көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Марат Есмұханов.

Өзгелердің жаңалығы