Бұл туралы Хериот-Уотт университетінің провосты және вице-канцлерінің орынбасары Марк Бигс ОКҚ-дағы брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Хериот-Уотт 200 жылдық тарихы бар университет.
Қазіргі уақытта оқу орны өз бағдарламаларын әлемге ашып жатыр. 28 мыңға жуық студенттердің 60%-ы шетелдік кампустарда білім алған. Хериот-Уотт университетінің кампустары Малайзияда, Дубайда ашылды. Осындай стратегиялық бағдарламалардың арқасында Қазақстанда Ақтөбеде осындай үшінші бастама қолға алынды, - деді Марк Бигс брифингте.
Ол Қазақстанға қалай келгендерін айтып берді.
Осыдан екі жыл бұрын әлемді аралап, үшінші локацияны іздедік. Қазақстанның амбициясы бізді таң қалдырды. Сондықтан бізге бірден ұнап, үшінші кампусты осында ашатын болдық. Бұл серіктестіктің негізгі мақсаты – Жұбанов университетін халықаралық университетке жеткізу, - деді Хериот-Уотт университетінің провосты және вице-канцлерінің орынбасары Марк Бигс.
Аталған жоғары оқу орнының мамандары қазақстандық ЖОО-ның білім беру сапасын көтеріп, кәсіби маман даярлауға басымдық береді. Шетелдіктер жылына 300 студентті оқыта алады. Алдағы уақытта мұнда Орталық Азия елдерінің студенттері де оқуға түсуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар PhD бағдарламаларын ашу көзделген.