Жамбылда Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округі Шымбұлақ ауылында көше бойында көлбеу су аққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға алдымен әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті әкімдік ресми жауап берді.
Бүгін сағат 14.35-те Жуалы ауданы, Жетітөбе ауылдық округі Шымбұлақ ауылында көше бойында көлбеу су аққаны туралы хабарлама түскен.
7 наурыз күні болған боранның салдарынан Төреқұл каналының қармен бекітілуіне байланысты көлбеу су ауылдағы Қ.Естайұлы және Бектаналы көшелерінің бойымен (жол бойы) су ағып өткен.
Оқиға орнына ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 7 арнайы техника, 30-дан астам адам суды бұру жұмыстарын атқарды.
Су тек бір үйдің ауласына кірген. Ешқандай үй зардап шеккен жоқ.
Аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық ТЖ департаменті басшысы, Жуалы ауданының әкімі оқиға орнында болды. Сағат 17.15 шамасында жағдай тұрақталып, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдері жеке тұрғын үйлерді аралап, келген зардапдарды нақтылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сағат 19-20-да су тасқынына қарсы іс-шаралар толық аяқталды, ұзындығы 60 метр жерге 500 қап құм төселіп, 150 метр арық тазартылды, - деп жазылған әкімдік мәліметінде.
Жергілікті ТЖД-ның кешкі мәліметіне сәйкес, төтенше жағдайлар бөлімі (5 адам және 1 техника) мен жергілікті атқарушы аппарат (2 адам және 1 техника) кезекшілікті жалғастырғагү Қалған күштер мен құралдар тұрақты орындарына қайтарылады.