ЖШС басшысы мемлекетке келтірілген 261 млн теңге залалды өтеді

Кеше, 09:46
354
Бөлісу:
ЖШС басшысы мемлекетке келтірілген 261 млн теңге залалды өтеді
Фото: архив

Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллион теңгеден астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) қылмыстық істі сотқа жолдаған. 

Сот талқылауы барысында "A" ЖШС-ның басшысы мемлекетке келтірілген 261 млн теңге залалды өтеген.

Соттың үкімімен "A" ЖШС-ның басшысы кінәлі деп танылып, "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңының талаптарын ескеріп 2 жыл 6 айға шартты түрдегі жазасы тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы