ЖСДП тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарау керегін айтты

16 Наурыз 2023, 22:39
823
Бөлісу:
ЖСДП тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарау керегін айтты
Фото: mail.kz

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбай теледебатта тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбай  социал демократия - болашақтағы әлеуметтік реформаларлың негізі екенін айтып, партияның негізгі ұсыныстарына тоқталды.

- Жемқорлықпен күресті жалпыұлттық деңгейге көтеру, шенеуніктерге декларация тапсыруды міндеттеу, заңсыз байлыққа жол бермеу;
- несие пайыздарын төмендету, энергетика объектілерін және коммуналдық кәсіпорындарды мемлекет қарамағына өткізу.

Сонымен қатар біз сайлауалды бағдарламада елден заңсыз шығарылған қаражатты қайтару бойынша ведомствоаралық комиссия құрамына бізді енгізуді талап еттік. Біздің ойымызша, бұл жұмыс арнайы заңмен реттелуі қажет. Бұл заңды жаңа Парламент қабылдауға тиіс, - деді партия мүшесі.

Сонымен қатар әлеуметтік саясаттың міндеті - әр азаматтың жағдайын жақсарту екенін айтты.

Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты назарында болуы керек. ЖСДП-ның ұсынысы медицина мен білім саласын бюджеттен қаржыландыру қажет. Осы салаға жылы ЖІӨ-нің кем дегенде 5-7 пайызы бөлінуі керек. Сонымен бірге тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарау керек. Ипотекаларға жергілікті бюджеттен субсидия бөлу, әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендету, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақыларды көтеру сияқты ұсыныстарды Парламентте жүзеге асыруға дайынбыз, - деді партия өкілі теледебаттың екінші кезеңінде сөйлеген сөзінде.

«Хабар» арнасында Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партияның теледебаты өткенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы