ЖСДП партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

18 Ақпан 2023, 20:43
1669
Бөлісу:
ЖСДП партиясының сайлауалды штабы жұмысын бастады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) сайлауалды штабының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттарды таныстырды. Партия төрағасы Асхат Рахимжанов партияның 2013 жылы наурыз айында қабылдаған бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын да атап өтті.

Біздің бірқатар бастамамыз Қазақстанда сәтті енгізілді, оның ішінде жақында өткен жалпыхалықтық референдум барысында қазақстандықтар дауыс бергені де бар. Алайда біздің мемлекетіміздің дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік күн тәртібіндегі бірқатар жүйелі мәселелер ушығып барады. Сол себепті біздің партиямыздың «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақ!» ұранының өзектілігі бүгінгі күні артып отыр, - деді партия төрағасы Асхат Рахимжанов

Партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі саяси реформаларды жүзеге асыруды күшейту.

Әсел Әбілбек

Өзгелердің жаңалығы