Жозе Моуриньо Португалия құрамасының бас бапкері болуы мүмкін

13 Желтоқсан 2022, 19:19
755
Бөлісу:
Жозе Моуриньо Португалия құрамасының бас бапкері болуы мүмкін

«Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо Португалия құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ La RomaPress басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Португалияның қазіргі бапкері Фернанду Сантуш қызметінен босатылуы мүмкін.

Федерация басшылары Моуриньоға «Рома» мен Португалия құрамасындағы жұмысын бірге алу жүруді ұсынды.

Ширек финалда португалиялықтардың жеңілісінен кейін аты аңызға айналған жартылай қорғаушы Фигу әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде шабуылшы Криштиану Роналдуды қосалқы құрамда қалдырған Фернандо Сантусты сынға алған еді. 

Еске сала кетейік, Португалия құрамасы 1/4 финалдық матчында Мароккоға 0:1 есебімен жол берді. 

Өзгелердің жаңалығы