Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты.
2020 жылдың 5 айында 1 411 647 адам егілді. ҚР вакцинамен қамтуға жататындар саны 92%-ды құрады. Вакциналау мен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізудің тоқтатылуына байланысты, қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды. Оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егілуде. 2020 жылдың бірінші тоқсанында республика профилактикалық егулерден 1423 бас тарту есепке алынды. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, оның 13%-ға өскені байқалды. Бұл ретте бас тартқан адамдар арасында егілгендер саны екі есе төмендеді. Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмағы – жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тартудың 52,9%-ын құрайды. Діни пайымдаулар бойынша – 29%, вакцинаға сенімсіздік – 11%, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6%. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді, - деді ол.
Ләззат Ақтаеваны айтуынша, 2020 жылдың бесінші айында 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қызылшамен сырқаттану көрсеткіші 2,8 пайызға төмендеген.
Қызылшамен сырқаттану деңгейін төмендету мақсатында 9-10 айлық балаларға қосымша вакцина жүргізілді, 260 мыңнан астам бала егілді. Бұл осы жастағы балалар тобындағы сырқаттану көрсеткішін 2,5 есеге төмендетуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа ауырған ересектер арасында 55%-дан астамы 20-29 жас аралығындағы топ екенін ескере отырып, осы жас тобына қызылшаға қарсы вакцина жүргізілді. 1 759 459 адам егілді, - деді ол.
Қазақстанда менингит дертімен сырқаттану деңгейінің төмендегені байқалады. Республикада менингокок инфекциясымен көпжылдық сырқаттану деңгейінің орташа көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1 пайызды құрайды.
Бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,15 пайызды құрап отыр. Бұл шекті деңгейден 14 есе төмен. Сырқаттанушылықты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сол деңгейде сақталғанын байқаймыз, - деді Ақтаева.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында көтерілген тақырыптардың бірі - елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал.