Жоспар мен бағдарлама бірінші кезекте халық табысын арттыруға бағытталуы тиіс - Әлихан Смайылов

18 Қаңтар 2022, 10:23
1179
Бөлісу:
Жоспар мен бағдарлама бірінші кезекте халық табысын арттыруға бағытталуы тиіс - Әлихан Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Сөз басында Премьер-министр аталған жоспарларды іске асыру барысында, бірінші кезекте, қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен  зардап шеккендерге көмек көрсетілетін айтты.  

Атамекен» палатасы мародерліктен зардап шеккен бизнес субъектілерінің тізілімін жасады. Жаппай тәртіпсіздіктер салдарын жою жөніндегі үкіметтік және өңірлік комиссиялар жұмысын аяқтағаннан кейін республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін тиісті қаражат бөлінеді. Сонымен қатар бизнеске түскен ауыртпалықты азайту үшін 2022 жылғы 1 ақпанға дейін мемлекеттік кіріс органдарының салықтық және кедендік тексерулері мен камералдық бақылау хабарламаларын беру уақытша тоқтатылады, - деді Ә. Смайылов.

Оның айтуынша, «Атамекен» палатасымен бірге Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеп, қабылдау жоспарланып отыр.

Біз үшін ең басты мақсат – халықтың табысын арттыру. Кез келген жоспар, кез келген бағдарлама бірінші кезекте, халықтың табысын арттыруға бағытталуы тиіс. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың тиімділігі дәл осы көрсеткіш бойынша бағаланатын болады, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы