Жомарт кенішіндегі апаттың себебі белгілі болды

19 Ақпан 2025, 10:05
990
Бөлісу:
Жомарт кенішіндегі апаттың себебі белгілі болды
Фото: BAQ.KZ - Архив

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтік комиссия аварияның тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауы тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет,- деді ол.

Бозымбаев шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылғанын атап өтті.

Қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. "Қазақмыс" жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған несиелерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады,- деді Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 402 адам эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы